17 маусым бойынша ауа райы болжамы

Pexels фото на taspanews.kz от 17 июня 2025 08:14
Фото: Pexels

Астана, Алматы мен Шымкентте жаздың шырайлы күні орнайды,– деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет РМК" сілтеме жасап.


Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +33 +35 градус, түнде +19 +21 градусты құрайды. Жел жылдамдығы 7-12 м/с.


Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +34 +36 градус, түнде +20 +22 градусты құрайды. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.


Шымкентте де көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Аптаған ыстық орнап, күндіз температура +39 +41 градусты құрайды. Түнде сынап бағанасы +22 +24 градус көрсетеді.  


Следите за новостями Taspanews