16 миллион қазақстандықтың деректерінің таралуы «бұрынырақ орын алған» және қазір ғана белгілі болған

Pexels фото на taspanews.kz от 18 июня 2025 12:30
Фото: Pexels

ҚР ЦДИАӨМ Жаслан Мәдиев 16 миллион қазақстандықтың жеке деректерінің таралуы «бұрынырақ орын алғанын», бірақ тек қазір белгілі болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Министрдің айтуынша, бұл деректердің таралуы оның қызметке келуіне дейін болған. 2024жылғы 1 мамырға дейінгі жағдай бойынша өзектілігін жоғалтқан ескі деректер базасы жайлы ол осылай деді.


«Бұл – жаңа мәліметтер емес, мемлекеттік деректер базаларына қатысты ешқандай бұзу болған жоқ. Бұл бұрынырақ таралған деректер болуы керек. Қазір олар даркнетте қолжетімді. Егер олар Telegram-арналарда жарияланса – біз оларды бұғаттаймыз. Бұл бұзу да, хакерлікшабуыл да емес, бір кездері таралған база. Оны белгілі бір тұлғалар жинап, сақтаған», – деді ол.


Следите за новостями Taspanews