16 маусым бойынша ауа райы болжамы
Фото: Freepik
Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы бірқалыпты болып келеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz «ҚазГидроМет» РМК сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +30 +32 градусты, түнде +16 +18 градусты құрайды. Желдің жылдамдығы – 3-8 м/с.
Алматыда күндіз көшпелі бұлт жүреді, қысқа мерзімді жауын-шашын жауады. Температура +31 +33 градусты құрайды. Түнде температура +19 +21 градусты құрайды, жауын-шашын болмайды.
Шымкентте күндіз ауа температурасы +38 +40 градусты құрайды. Аптаған ыстық орнайды, аздаған бұлттылық байқалады, жауын-шашынсыз. Түнде температура +21 +23 градус шамасында, аздаған бұлттылық байқалады. Желдің жылдамдығы – 8-13 м/c.