15 сәуірде ірі қалаларда ауа райы қандай болмақ?

Фото: Pexels
Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы біршама тұрақталып келеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, мезгілімен жауын-шашын жауады. Күндіз температура +12 +14, түнде +3 +5 градус шамасында. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +21 +23 градус, түнде +9 +12 градус. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +25 +27 градус, түнде +10 +12 градус. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.