14-15 маусым бойынша ауа райы болжамы

Pexels фото на taspanews.kz от 13 июня 2025 17:41
Фото: Pexels

Ірі қалаларда ауа райы әлі де құбылмалы, – деп хабарлайды KazTaspa.kz «ҚазГидроМет» РМК сілтеме жасап.


Астана


Астанада 14 маусым күні көшпелі бұлт жүреді, мезгілімен жауын-шашын жауады, найзағай ойнайды. Күндіз температура +26 +28 градус, түнде +17 +19 градусты көрсетеді. 15 маусым күні дәл сондай ауа райы жағдайы сақталады. Күндіз температура +26 +28 градус, түнде +17 +19 градус болады.


Алматы


Алматыда 14 маусым күні көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура +29 +31 градус, түнде +19 +21 градус шамасында болады. 15 маусым күні жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +30 +32 градусты, түнде +18 +20 градусты құрайды.


Шымкент


Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +36 +38 градус, түнде +19 +21 градус шамасында болады. 15 маусым күні ауа райы өзгеріссіз қалады. Күндіз сынап бағанасы +37 +39 градусты, түнде +22 +24 градусты көрсетеді.


Следите за новостями Taspanews