132 қазақстандық Иранда, 219-ы – Израильде

Фото: dailymail.co.uk

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте мәлімдеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Оның айтуынша, Таяу Шығыстағы шиеленіс кезінде қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Дипломаттар отандастарымызбен үнемі байланыста. Бұл елдердегі елшіліктер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.


Ираннан 68 Қазақстан азаматы – оның ішінде дипломаттардың отбасы мүшелері Түрікменстанға эвакуацияланды. Қызметтік іссапармен Иранда болған алты азаматқа Әзербайжан арқылы елге оралуына көмек көрсетілді.