13 маусым бойынша ауа райы болжамы
Фото: Pexels
Астана күн аздап жаңбырлы, ал Шымкент пен Алматы тұрғындарын шуақты күн күтеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, мезгілімен жауын-шашын, бұршақ жауады. Найзағай ойнайды. Күндіз температура +27 +29 градус. Түнде температура +17 +19 градус шамасында болады, көшпелі бұлт жүреді. Таңертең жаңбыр жауады.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +29 +31 градус, түнде +19 +21 градус болады. Жел жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +34 +36 градус, түнде +18 +20 градус шамасында. Жел жылдамдығы 5-10 м/с.