12 маусым бойынша ауа райы болжамы

Pexels фото на taspanews.kz от 12 июня 2025 08:31
Фото: Pexels

Қазақстанның ірі қалаларында 12 маусым күні құбылмалы ауа райы жағдайы орнайды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.


Астанада көшпелі бұлт жүреді, өткінші жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Күндіз температура +27 +29 градус, түнде +18 +20 градус шамасында болады.


Алматыда күндіз көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Температура +31 +33 градус шамасында. Түнде көшпелі бұлт жүреді, аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Температура +18 +20 градусқа дейін төмендейді.


Шымкентте күндіз көшпелі бұлт жүреді, өькінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Температура +32 +34 градус шамасында. Түнде жауын-шашын болмайды. Температура +18+ 20 градус шамасында болады.


Следите за новостями Taspanews