11 маусым бойынша ауа райы болжамы

Фото: Pexels
Астана, Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауғанмен, ауа температурасы жоғары болады,– деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Астанада күндіз көшпелі бұлт жүреді, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады.Температура күндіз +29 +31 градус, түнде +14 +16 градус шамасында болады. Түнде жауын-шашын болмайды.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, аздаған жауын жауады, найзағай ойнайды. Күндіз температура +30 +32 градус, түнде +18 +20 градус шамасында.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +32 +34 градус, түнде +18 +20 градус. Түнде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, қатты жел соғады.