10 мың бала «Жаздық жолдама» жобасы аясында тегін демалады

Фото: Pexels
2025 жылдың жазында Қазақстанда 3,2 миллион оқушы сауықтыру, демалыс және бос уақытты тиімді пайдалану шараларымен қамтылатын болады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Осы орайда әлеуметтік осал санаттағы балаларға ерекше назар аударылады. «Қазақстан халқына» қоры қолдауымен «Жаздық жолдама» 10 мың балаға тегін беріледі.
Жоба аясында басымдық көп балалы мен ауылдық жердегі отбасылардың балаларына беріледі.