Жұбайынан ерекше сыйлық алған Жахан Отарғалиев көз жасына ерік берді

Жахан Отарғалиев фото на taspanews.kz от 30 мая 2025 11:36
Фото: Видеодан скриншот

Танымал актер, әзілкеш Жахан Отарғалиевке жұбайы ерекше сыйлық сыйлады. Бұған қатты қуанған актер көз жасына ерік берді. Бұл туралы Taspanews.kz Жахан Отарғалиевтің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Сыйлықты ерекше етіп сыйлағысы келген актердің жұбайы оған алдымен ашықхаттар жазып, тосынсыйдың тұрған орнына қарай нұсқайды. Ал сыйлықтың өзі үлкен қажылыққа жолдама болып шықты. 


«Әрдайым сен мені қуантушы едің, енді сені қуантар кез – менікі. Киіміңді жина, жақында кетесің, сенің арманың орындалды», – дейді ол видеода. 


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews