«Жетінші жүктілігім»: аяғы ауыр екенін мәлімдеген Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын ақтарды

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласына аяғы ауыр екенін мәлімдеп, жан сырын ақтарды. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
Әбдікәрімова қуанышты жаңалығын бөлісіп, ішкі сезімдері туралы айтты. Оның айтуынша, актриса алғашында жүкті екенін білмепті.
«Менің жетінші жүктілігім. Ол жайлы білмесем де, менің ағзам қабылдап, өз процесін атқарып жатқанын сезбедім. Әрине, ол кезде сезбеу – заңдылық. Өйткені, бір басыма біраз дүние үйір болған еді. Оған халық куә болды. Одан кейін көпшілік білмейтін жеке мәселем бар. Әбден әбігерге түстім. Ішім алай-дүлей. Сол сәтте жатырыма жайғасқан бір түйір тамшы дерк езінде өз несібесімен келіпті. Құрсағымдағы бір түйір періштем барлық мәселені шешіп жіберді десем, асылық айтқаным емес. Өйткені мен күтпеген, таңғажайып дүниелер орындалды. Құдды бір кино сияқты. Дәл сол сәтте мен ештеңе сезген жоқпын. Бұл жаратушының маған берген үлкен сыйы. Бергенінен берері мол дегенді енді ғана түсіндім», – деп жазды актриса.