Жарқынай Ханайым «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды

Жарқынай Ханайым фото на taspanews.kz от 21 мая 2025 16:40
Фото: Жеке парақшадан

Көпшілікке «Рауза» телехикаясы арқылы танылған актриса Жарқынай Ханайымға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.


Өнер иесі мемлекеттік награданы табыстау сәтінен видео жүктеп, ұстаздарына алғыс айтты.


«21-мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасының Президентінің 2025 жылғы 16 мамырдағы жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алдым. Бұл атақты маған білімін берген, еңбегін сіңірген ұстаздарымның ақталған еңбегі деп білемін. Аида Балаева, маған деген сеніміңізге үлкен алғысымды білдіремін. Ақтау үшін бар күшімді саламын. Өнер жолында тоқтамай, еңбек етуіме үлкен шабыт деп қабылдаймын», – деп жазды актриса.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews