«Жаңа жасы жаңа үйде»: Ерке Есмахан Раймды туған күнімен құттықтап, жаңа үйін көрсетті

Фото: Жеке парақшадан
Ерке Есмахан Раймды жаңа жасымен құттықтап, жұбайының жеке мерекесін жаңа үйде қарсы алғандарын айтты. Бұл туралы Taspanews.kz Ерке Есмаханның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі үйді балаларына арнап алғанын мәлімдеді.
«Туған күн, жаңа қоныспен құттықтап жатқан тілекші жандарға мың алғыс. Айтқандарыңыз келсін. Жақсы сөздеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Бұл үйде тұрмаймыз, күйеуім ұлдарыма өскенде деп алып қойып жатыр. Алла сол күнге жеткізсін. Ал мен вилланы күтемін. Ештеңеге асығыс жоқ. Шүкір», – деп жазды әнші.