«Жаңа қадамның басы»: Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров неке куәлігін көрсетті

Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
Танымал блогер, дизайнер Айжұлдыз Адайбекова мен сүйіктісі Сәкен Қағаров неке куәлігін көрсетті. Бұл туралы Taspanews.kz Айжұлдыз Адайбекованың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Олар желіге неке куәлігімен түскен суретін жүктеді.
«Жаңа қадамның басы. Жаңа тарих жазамыз», – деп жазды Адайбекова.
Пост из социальной сети
Желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, ақ тілектерін жазды.
«Құтты болсын», «Бақытты болыңдар!», «Махаббат пен бақытқа толы сәттерің көп болғай», «Бағың жансын», – деп жазды желі қоданушылары.