«Жалғыз шығып жүргеніме біраз болды»: Бүркіт жұбайымен ән айтуды сағынғанын айтты

Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Бүркіт жұбайы Аишамен бірге ән айтуды сағынып жүргенін айтты. Бұл туралы Taspanews.kz Бүркіттің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Айбек Жансейітовтің жұбайы Аиша аяғы ауыр болғанына байланысты сахнаға шықпай жүрген көрінеді. Өнер иесі жұбайымен дуэтін сағынғанын айтып, жеңіл босануын тілейтінін жазды.
«Эх…. Аиша қазір шықпай жүр сахнаға. Бұйырса, аман-есен бәрі жақсы болса дейміз… Дуэтімізді сағынып жүрмін. Жалғыз шығып жүргеніме біраз болды. Жаным менің, Аллаһым көмегі мен жеңілдігін берсін саған, бәрі жақсы болсын!», – деп жазды әнші.
Пост из социальной сети