«Уақыты келгенін ішім сезді»: үшінші сәбиін босанған Ерке Есмахан отбасын құттықтап жатқан халыққа алғыс айтты

Фото: Жеке парақшадан алынды
Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан үшінші сәбиін өмірге әкелді. Өнер иесі үшінші сәбиіне құтты болсын айтқан халыққа алғыс айтты, деп хабарлайды Taspanews.kz.
Әншінің айтуынша, ол үшінші ұлын 11 маусымда босанған.
«Ұлтабар ханымнан қазақ еліне жалынды сәлем! Қарашада өткен концертке бір апта қалғанда жүкті екенімді білдім. Концертте құдай аузыма салып, тағы да ұл сыйлаймын деп едім. Періштелер әумин деген шығар?! Қыз дайын болса, ұл дайын деп перзентханаға шықтық. 10 маусым күні толғақ басталды. 11 маусым күні кешке перзентханаға келдік. 19:48-де дүние есігін ашты. Есік алдын жинап жүргенде уақыты келгенін ішім сезді», – деп жазды әнші.