«Тәңір маған тағы бір ғұмыр берді»: Дидар Кәден үшінші рет әке атанды

Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Дидар Кәден үшінші рет әке атанып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Бұл туралы Taspanews.kz Дидар Кәденнің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі жұбайымен бірге түскен суретін жүктеп, ұлды болғанын жазды.
«Биіктен көрінгендей бүгін белгі. Бір шаттық кернеп жатыр шын іргемді. Өмірді тағы бір рет ұғындырып. Тәңір маған тағы бір ғұмыр берді. Шыр-пыр боп, той тойлатып жүргенімде. Шыр етіп дүниеге ұлым келді…», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп, ақ тілектерін арнады.
«Құтты болсын!», «Бауы берік болсын!», «Құтты болсын, қазаққа қызмет ететін азамат болсын!», – деп жазды желі қолданушылары.
Пост из социальной сети