«Сол атақ бізге жетпей қалып жатыр»: Нұрлан Еспанов құрметті атақ алу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Нұрлан Еспанов құрметті атақ алу мәселесіне қатысты пікір білдіріп, ренішін айтты. Бұл туралы Taspanews.kz «RevueNews» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесінің айтуынша, ол құрметті атақ алуға 10 жылдан бері құжат тапсырып жүр.
«Мен негізі көптеген әндерімді, жазған дүниелерімді өткізген едім. 10 жылдай қағаз тапсырдым. Біздің жасымыз да келді ғой, атаққа кешіктік қой. Шәмші Қалдаяқов атамыз «Өлер алдында атақ әкеп берсе не болды, бір атақтарың таусылып қалатындай» деп айтады ғой. Білмеймін, сол атақ бізге жетпей қалып жатыр ғой», –дейді әнші.
Айта кетейік, осыған дейін актриса Жарқынай Ханайым «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болса, Әлішер Кәрімов халық әртісі атанған еді.
Пост из социальной сети