Шәріп Серік өзін Қуандық Бишімбаевпен салыстырған адамның атына арыз жазды
Фото: Актердің әлеуметтік желісінен
Қазақстандық актер Шәріп Серік бұрынғы сүйіктісі Алия Бутееваны лифтіден күштеп шығарғаны жайлы видеоны негіз етіп, жасанды интеллект арқылы Қуандық Бишімбаев пен өзін бірге отырғызып жасалған бейнеролик оның ар-ожданына тигенін жеткізді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz видео авторының әлеуметтік желідегі парақшасына және актермен жасалған сұхбатқа сілтеме жасап.
Бейнероликте контент-мейкер Қуандық Бишімбаевтың Шәріп Серікті жұбатып жатқанын бейнелеген. Бұл жасанды интеллект құралдарымен жасалған өнім. Мұны ерсі көрген актер қорлау фактісі бойынша Киберполға арыз берген.
«Ары қарай не боларын білмеймін, алайда мен осы видеоны жасаған адамдар жазаланғанын қалаймын»,