«Некесіз бала босандым»: Аида Кауменова алғаш ана атанған кезі туралы айтты

Фото: Жеке парақшадан
Қазақстандық танымал дизайнер Аида Кауменова алғаш рет ана атанған кезі туралы айтты. Оның сөзінше, тұңғышын некесіз дүниеге алып келген. Бұл туралы ол Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Taspanews.kz.
Дизайнер алғаш рет 27 жасында ана атанған.
«Мен алғаш рет 27 жасымда ана атандым. Әкесіне тұрмысқа шыққан жоқпын. Жалғызбасты ана болдым. Мен үшін де, ата-анам үшін де қиын болды. Бірақ, өзім бірден шешім қабылдап, қызымды өмірге әкелдім. Кез келген ата-ана баласын жақсы көреді. Ата-анам махаббатқа тойдырып өсірді. Ерке болып өстім. Көпшілік сырттан әңгіме айтты, сөкті. Бірақ қатты ұрысып, айқайлаған емес. Қызымды бәрі жақсы көреді», – деді Аида Кауменова.
Пост из социальной сети