Мұрат Әбділдә қайта қамауға алынды
Түркістан қаласының ауданаралық соты түрмеден мерзімінен бұрын босаған блогердің қайта қамауға алынғанын хабарлады. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
2025 жылдың 17 наурызына қараған түні учаскелік полиция инспекторы блогер Мұрат Әбділдәнің тұрғылықты мекен-жайына тексеріспен барған кезде, оның үйінде болмағанын анықтаған. Сот процесінде полиция тарапынан ұсынылған, Әбділдәнің пробациялық бақылау талаптарын жүйелі түрде бұзғаны жөніндегі дәлелдер расталды.
Әбділдә кінәсін ішінара мойындап, соттан тағы бір мүмкіндік сұраған. Алайда сот мерзімінен бұрын босату туралы шешімнің күшін жойып, қалған 2 жыл 11 күн мерзімді түрмеде өтеу туралы шешім шығарды. Блогер сот залынан қамауға алынды.
Еске сала кетейік, Мұрат Әбділдә 2022 жылдың 31 наурызында әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер айтқаны үшін Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.