Мұхамеджан Тазабек қызын ұзатты
Фото: Видеодан кадр
Танымал ақын, медиаменеджер Мұхамеджан Тазабек қызы Фатиманы ұзатып, дүркіретіп той жасады. Бұл туралы Taspanews.kz Мұхамеджан Тазабектің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақын қонақтарға тойдан сарқыт ретінде ерекше сый дайындаған.
«Бұл сыйлықты қызыма ғана емес, ұзатылатын барша қазақ қыздарына, аяулы қарындастарыма арнадым. Қыздың болашақ жарына, ата-енесіне, жақындары мен екі жасқа арналған ең маңызды 40 кеңесті қамтып, кітапша етіп шығардым. Сіздер де Ұзату тойда бонбоньеркаға тәтті немесе қоқысқа тасталатын қағаз емес, қыздың бақыты үшін маңызды кеңестерді қысқа әрі түсінікті жеткізетін кітапшаны қоя аласыз», – деп жазды медиаменеджер.