Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады

Майра Ілиясова, Меруерт Түсіпбаева фото на taspanews.kz от 20 мая 2025 16:42
Фото: Коллаж: Taspanews.kz

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады. Бұл туралы Taspanews.kz  Меруерт Түсіпбаеваның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Өнер иесі арадағы дауға осылайша нүкте қойғысы келетінін айтты.


«Достар әлеуметтік желіде неше түрлі алып-қашпа әңгімелер жазылып жатыр. Сол үшін мен осы даудың нүктесін бүгін  қойғым келеді. Маған көп танымал адамдар хабарласып жатыр. Мақпал Жүнісова апам хабарласып, ұрысты. «Сенің жасың кіші, ол кісінің жасы үлкен, әрі беделді адам. Кешірім сұра» деп айтты. Мен кешірім сұрауға дайынмын. Майра Ілиясова ханымнан кешірім сұраймын! Шын мәнінде, ол кісі маған адам ретінде көп көмектескен. Ол кісінің барлық еңбегін бағалаймын. Бірақ біздің дау-дамай қоғамдық жұмысқа қатысты болған», – деді әнші.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews