Мақпал Жүнісова Майра Ілиясованың туған күніне ақшалай сыйлық берді

Фото: Коллаж: Taspanews.kz

ҚР Халық әртісі Майра Ілиясова 70 жасқа толып, шығармашылық кешін өткізді. Танымал әнші Мақпал Жүнісова әріптесінің туған күніне ақшалай сыйлық берді. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.


Өнер иесі алғашында шапан жапқысы келгенін айтты. 


«Шақырған қонақтарыңыздың бәрі келді. Ең бастысы, халық концертіңізді көріп, жасарып қалды. Туған күніңізге шапан әкелгім келді. Бірақ ондай шапанның сізде неше түрі бар. Сондықтан ұнатқан затыңызды аларсыз деген ниетпен шотыңызға 1 миллион теңге аудардым», – деді Мақпал Жүнісова. 


Пост из социальной сети