Мақпал Жүнісова анасына ерекше сый тарту етті
Фото: Видеодан скриншот
ҚР Халық әртісі анасына мемлекет басшысынан алған «Құрмет» орденін сыйға тартты. Бұл туралы Taspanews.kz Мақпал Жүнісованың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі ақ жаулықты анасына орденін табыстап, тағып берді.
«Қасым-Жомарт Тоқаев ағамыздың қолы қойылған «Құрмет» орденін сіздің кеудеңізге тағып кеткім келеді. Осы қара шаңырақта сақталсын. Мені туғаныңыз үшін рақмет. 12 баланы дүниеге әкелген құрметті анасыз. Біз сізбен мақтанамыз», – деді әнші.
Анасына қызына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
«Мақпалды тапқаныма қуанамын. Орден тақты. Моншақ тақты. Бәріне шүкір», – деді анасы.