Мадина Сәдуақасова ұлына пәтер сыйлады

Фото: sadvakasovamadina
Қазақстанның атақты әншісі Мәдина Сәдуақасова жасөспірім ұлына пәтер сыйлады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz әншінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Әнші баласы Әнуарға жеке пәтерінің кілтін табыстады.
«Кішкентай болса да, түсінеді екен. Мәз болып кетіп бара жатыр. Армандаушы еді, мектептен шыға сала, үйге кіріп кетсем деп»,
Әнші енді мектепке бару үшін олар тек жолды өте салса болғаны, Алматы кептелісінде тұрмайтынын айтып қуанды. Үйде жөндеу жұмыстары жүріп жатқанымен бөлісті.
«Бұйырса 1 қыркүйек күні мектепке осы үйден қатынаймыз»,
Пост из социальной сети