«Келе алмайтын болсаңыз, жөніңізді айтыңыз»: Қарақат Әбілдина туған күніне келмей қалған қонақтарына ренішін білдірді

Қазақстандық танымал әнші, «Парасат» орденінің иегері Қарақат Әбілдина туған күнін дүркіретіп атап өтті. Өнер иесі қуанышына шақырылып, келмей қалған қонақтарына ренжіді. Бұл туралы Taspanews.kz Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әнші тойға келе алмайтын қонақ жөнін айтып, ескерту керек дейді.
«Осы жерде бір мәселені қозғағым келеді менің. Тамада қалай лақтырған болса, тойға келеміз деп соңғы күні өздерінің уәдесін беріп тұрып, орындары белгіленген біршама қонақтарым келмей қалды. Осы орайда айтқым келетіні: барлығымыз қонақ шақырамыз, күтеміз, ниеттенеміз — осындай жағдай үлкен бір өрескел қателік қой.Осы мәселені көп жандар ойланса екен. Себебі адам келеді деп күтеді. Орнын белгілейді, ол енді айтпаса да түсінікті. Қанша той жасап жүрміз, байқаймын — «ішің білсін, әлу-ай…». Осыны оқып отырған жандар өздері біліп те отырған болар. Бұл тек менің тойыма қатысты емес, жалпы көпшілікке айтқым келетіні: келе алмайтын болсаңыз, келе алмайтын жөніңізді айтыңыз! Адамды бүйтіп үміттендіріп, күттіріп қою деген — үлкен мәдениетсіздік қой !…», – деп жазды әнші.