Қарақат Әбілдина өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қыздары туралы пікір білдірді

Қарақат Әбілдина фото на taspanews.kz от 10 июня 2025 15:58
Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал әнші, «Парасат» орденінің иегері Қарақат Әбілдина қазақ қыздарының шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуы туралы сөз қозғады. Бұл туралы Taspanews.kz Қарақат Әбілдинаның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Өнер иесі қазақ қыздарының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығу мәселесін көтерді. Әнші бұған қыздардың қазақ жігіттеріне ренжуі мен қорған таппауы себеп болуы мүмкін дейді.


«Біраз қазақ қызын ұзатып жүрміз ғой. Соңғы уақытта өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарын жиі байқап жүрмін. Бастапқыда менің жүрегіме жеңіл тиген жоқ. Ұлтым, тілім, салт-дәстүрім мен үшін өте қымбат. Қыз – ұлттың айнасы. Оны кімге ұзатсақ та, ұлттың намысы мен рухын бірге ұзатамыз. Бірақ уақыт өте келе ойлана бастадым. Махаббат ұлт таңдамайды. Әр адамның өз бақыты бар. Әр қыз өз жүрегінің қалауымен, өз тағдыр жолымен жүреді. Дегенмен менің ойымда бір сұрақ тұрып қалды: Бұл махаббат па? Әлде бақытын өз жерінен, өз елінен таппағаны ма?! Кейде қыздарымыздың қазақ жігіттеріне ренжуі, қорған таппауы оларды өзге жаққа бұрып жібереді ме деген ой келеді. Бұл біреуді кінәлау немесе тағдырын талқылау емес. Жай ғана мені ойландырған мәселе», – деп жазды әнші. 


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews