«Интуициям мені алдамайды»: журналист Анна Данченко Жігердің пранк тойына қатысты пікір білдірді
Осыған дейін Жігер Ауыпбаев өнердегі достары мен жақындарын шақырып жасаған беташар тойы пранк болып шыққаны туралы жазған едік. Қонақтар қатарында болған Анна Данченко да болған. тойға елден бұрын ұшып келгенін айтты. Бұл туралы Taspanews.kz Анна Данченконың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тежүргізуші тойға елден бұрын ұшып келгенін айтты.
«Интуициям мені алдамайды. Бүгін соның тағы бір дәлелі болды. Жігерден сұхбат алдым, айтқан әңгімесін естіп шок болдым», – деп жазды журналист.
Айта кетейік, бет ашуға келген Нұрлан Еспанов таңғалысын жасыра алмады.
«Жігертай, мұның қалай болды?! Ұсталмай жүр едім, ақыры ұсталдым ғой. Бақытты бол енді. Бет ашамын деп ойламадым. Залға сәл кешігіп келдім. Той өлеңсіз болмайды. 1-2 әнімді дайындап отырғанмын. Су ішіп тұрғанда менің атымды айтып жатыр екен. Беташарға 22 мың теңгемді салдым. Қалғанын той шашуға берермін деп ойладым. Бір кезде маған бет ашқызды. Ашып қалғанда өзім де шошып кеттім. Ақ адам табылмады дедім. Өзім де ештеңені ұқпай тұрдым», – деді Нұрлан Еспанов.