Фариза Төреәлі қызының тұсауын кестіріп, жаңа баспанасын көрсетті
Блогер Фариза Төреәлі қызының тұсауын кестіріп, қоныс тойын өткізді. Бұл туралы Taspanews.kz Фариза Төреәлінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Астанаға блогердің қуанышын бөлісіп жақындары мен достары келді. Фариза қос қуанышына арналып жайылған дастарханды нәзік сары түсті заттармен безендірген.
«Ата-аналарымыз бір-бірлеріне сыйларын тартып, кішігірім той болды. Мен де туған күніме, Даратай да сыйлықтарға батып қалдық. Ата-аналарымыз, бауыр, достарымыз қуанышымызға ортақтасып қуанып жүр. Қаншама жылғы еңбегіміздің нәтижесі, екі пәтерді қосып, ең әдемі көрініспен, орталықтағы үйді бұйыртқан Раббымызға сансыз шүкір! Ремонтты толықтай Дархан жасады, мен дым араласпадым. Жайғасу, бүгінгінің дастарханын, оформлениесін бәрін детально махаббатпен жасадым. Әрбір отбасы - баспаналы болсын! Жұғысты болсын! Естелік суреттермен бөлісе кетейін», – деп жазды Фариза.
Блогер Астананың төрінен алған жаңа баспанасын ата-аналарына көрсеткен сәті түсірілген видео жүктеді.