Ерке Есмахан күйеуі сыйлаған қымбат жүзігін көрсетті

Қазақ эстрадасының жұлдызы Ерке Есмахан жұбайы Raim-ның сыйға тартқан қымбат сақинасын көрсетті. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
Өнер иесі күйеуі сыйлаған қымбат жүзікті Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Әншінің таңдауы зүбәржат тасы бар жүзікке түскен.
«Күнде күйеуіме бекер дәмді тағамдар дайындап жүрген жоқпын. Бриллианттардың ортасына алып келді. Түрлі түсті тастары бар жүзікке қызығып жүр едім. Көздің жауын алатын тастар екен. Өзіме изумруд тасы бар жүзік ұнап тұр. 14 карат екен», – деп жазды әнші.
Ерке Есмахан босанғаннан кейін тағы да басқа сыйлықтарын көрсететінін айтты.
«Күйеуім бір сақинамен тоқтамады. Алла бұйырса, аман-есен босанып алайын, сосын аяғым ауыр кезде алған барлық сыйлыққа сәнпакинг жасаймын. Қыздар, бар жақсылыққа лайықпыз. Осыны ұмытпаймыз», – деді өнер иесі.