«Екі мың адам шақырамыз»: Сәкен Майғазиев келін түсіруге дайындығын көрсетті

Сәкен Майғазиев фото на taspanews.kz от 29 мая 2025 15:26
Жеке парақшадан алынды

«МузАрт» тобының белді мүшесі Сәкен Майғазиев келін түсіруге дайындалып жатыр. Осыған дейін әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған еді. Әнші тойдың қамына кірісті. Бұл туралы Taspanews.kz Сәкен Майғазиевтің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Өнер иесі тойға шақыратын қонақтарының тізімін жасауда. Оның айтуынша, әнші тұңғыш ұлының үйлену тойына екі мыңдай қонақ шақырғалы жатыр.


«Біз тойымызға 2000 адам шақырамыз деп отырмыз. Сенесіз бе? Екі мың адам! Біреуі «келем» дейді, біреуі «көреміз» дейді, біреуі – мүлде үнсіз. Сөйтсек, ең қиын нәрсе – кім нақты келетінін анықтау екен. «Келесің бе, келмейсің бе – бір ауыз айтсаңшы!» деп айтқың келіп кетеді. Осы сәтте мен түсіндім? Келесі жолы өзім шақырту алсам, бірден жауап берем! Ал сізде қалай болды?! Қонақ тізімін жасағанда қандай қиындыққа тап болдыңыз?», – деп жазды әнші.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews