Динара Сәтжанның неке қию сәтіндегі образы қанша тұратыны белгілі болды
Танымал тележүргізуші, журналист Динара Сәтжанның неке қию рәсіміне киген образы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Taspanews.kz блогер Жансая Махамбаеваның Tiktok-тағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Блогер Жансая Махамбаева журналистің образы қанша тұратынын ашып айтты.
«Динараның үстіне киген шапаны өзінің киім дүкенінен, бағасы – 450 мың теңге. Ақ көйлегі – 200 мың теңге. Сырғасы – 7 миллион 430 мың теңге. Алғасы – 15 миллион 921 мың теңге. Білезігі толық гауһартаспен көмкерілген, бағасы – 26 миллион 930 мың, сақинасының бағасы – 17 миллион 100 мың теңге. Cartier брендінің сақинасы – 2 миллион 211 мың теңге. Осы коллекциядан білезін де тағыпты, оның бағасы – 6 миллион теңге. Тағы да қымбат брендтен алынған білезігінің бағасы – 2 миллион 300 мың теңге. Қолына сән беріп тұрған Yana брендінің слив білезігі – 6 миллион 908 мың теңге. Неке жүзігіне келетін болсақ, оның бетінде өте үлкен гауһартас орнатылған. Бағасы – 150 миллион теңге. Сонымен барлығы, 235 миллион 836 мың теңгеге шықты», – деді блогер Жансая Махамбаева.
Айта кетейік, Динара Сәтжан белгілі ірі меценат Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шыққан еді.