«Біздің үйде де тойдың ауылы алыс емес»: Сәкен Майғазиев қуанышты жаңалығын бөлісті

Сәкен Майғазиев фото на taspanews.kz от 11 апреля 2025 14:59
Фото: Жеке парақшадан

«МузАрт» тобының белді мүшесі Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің үйленуіне қатысты пікірін бөлісті. Осыған дейін желіде Әділеттің сүйіктісі туралы ақпарат тараған еді. Бұл туралы Taspanews.kz Сәкен Майғазиевтің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Өнер иесінің сөзінше, ол ұлының таңдауы түскен ару жайлы әлеуметтік желіден білген.


«Той тойға ұласа берсін! Жақында Жанар Айжанова апамыз Айжұлдызды ұзатпақ. Ол кезде Нұржан Төлендиев келін түсіреді. Бізді сол жаққа шақырып қойды. Екеуі қатар келіп тұр. Біздің үйде де тойдың ауылы алыс емес. Әлеуметтік желі шулап жатыр екен. Динара екеуміз де жаңалықтардан білдік. Ағайын-туыс бізге хабарласып, құттықтап жатыр. Тойда жолығайық», – деді әнші.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews