«Биыл тағы да бұйырмады»: әнші Amre құрметті атақ ала алмағанына қынжылды

Ернар Садырбаев фото на taspanews.kz от 22 мая 2025 15:58
Фото: instagram.com/amre_official

Amre лақап атымен танымал әнші Ернар Садырбаев «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын ала алмағанына қынжылды. Бұл туралы Taspanews.kz Amre–нің Instagram–дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Айта кетейік, осыған дейін әнші Жарқынай Ханайым "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алса, Әлішер Кәрімов халық әртісі атанған еді.


«Эстрада әншісінің мансабындағы ең маңызды деген барлық конкурстарына барып, төбе көрсетсем де, биыл маған тағы да бұйыртпапты. Еш реніш емес, 30 жасыма дейін «Еңбек сіңірген қайраткері» атағын алу деген пенделік арманым болған. Кейінге қалады. Әріптестерімді маңызды марапаттарымен құттықтаймын», – деп жазды ол. 


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews