«Бір ісі бір ісінен сорақы болып барады»: журналист Дәулет Мұқаевты сынап тастады

Қазақстандық журналист Диас Нұрақын желіде «оптом» тұсау кесемін деген депутат Дәулет Мұқаеавты сынап тастады. Бұл туралы Taspanews.kz Диас Нұрақынның Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Журналист Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру бедел емес дейді.
«Д-деңгей. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев инста парақшасына «оптом» тұсау кесемін деп хабарландыру беріпті. Тіпті елу адам кезекке тұрып үлгерген. Енді келесі акция мамырдың ортасында болады деп оқырмандарына құлаққағыс қылыпты. Депутаттың деңгейін қараңыздар? Өзін қоғам қайраткері секілді сезініп жүр. Асанәлі Әшімов, Гена Головкин, Елдос Сметов сияқты танымал болса ше, шіркін?! Дәулетке тұсау кестіру дым да авторитет емес қой.
Мына бала тұсау кескені үшін гонорар сұраса да таңқалмаймын. Әлде әркімнің қалтасына қарай көсіліп жапқан шапанын, символический сыйлық деп ұсынған нан салғышын немесе ырымдап берген 5-10 теңгесін пайда ретінде көре ме? Депутат заң шығарады, елдің жайын ойлайды деп жүрсек, мынауың «тұсау кесем» деп атырауша айтқанда картопты жарды ғой. Өткенде іш-киімдерін қалай қаттайтынын көрсетіп «креативный» видео салып еді. Бір ісі-бір ісінен сорақы болып барады», – деп жазды журналист Facebook-тегі парақшасында.