«Ажырасқан құрбыларыммен араласуды доғардым»: Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі отбасылы кезінен сыр шертті

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелінің ажырасқан құрбыларымен араласуына қарсы болған. Бұл туралы Taspanews.kz Ляйсира Мараттың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әйелдің сөзінше, бұрынғы күйеуі одан таңдау жасауын талап еткен. Ляйсира ажырасқан соң құрбыларынан кешірім сұрағанын жазды.
«Бір кезде ажырасқан құрбыларыммен араласуды доғардым. Себебі күйеуім солай талап етті: «Олармен араласуға болмайды». Ол маған ультиматум қойды: Таңда, мен бе, әлде олар ма? Мен… оны таңдадым. Сол сәтте мен өз болмысымды құрбан еттім. Ажырасқаннан кейін қайтадан өзін тауып, еркін өмір сүріп жатқан құрбыларыма опасыздық жасадым. Өзім де ажырасқан соң, құрбыларымнан кешірім сұрадым. Қазір біз қайтадан араласамыз», – деп жазды ол.