Айжұлдыз Адайбековаға сырға салынды

Фото: Видеодан скриншот
Эстрада жұлдызы Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековаға сырға салынды. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
Осыған дейін Адайбекова мен сүйіктісі Сәкен Қағаровтың неке қидырып, одақтарын заңдастырғаны жайлы жазған едік. Енді екі жақтың жақындары арасында сырға салу рәсімі өтті. Жанар Айжанова жастарға бақыт тілеп, аналық ақ тілегін арнады.
«Бір жастықта қартайыңдар, үбірлі-шүбірлі болыңдар, ұстасқан қолдарың ажырамасын, бақытты болыңдар», – деді әнші.