Айжұлдыз Адайбекова бойдақтық кезімен қоштасу кешін өткізді
Фото: Айжұлдыз Адайбекова инстаграмы
Жақында тревелер, блогер Сәкен Қагаровпен неке қиған Айжұлдыз Адайбекова бойдақтықпен қоштасу кешін өткізді, – деп хабарлайды Taspanews.kz актрисаның инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Айжұлдыз Адайбекова бұл кешті достарының ортасында, таулы жерде, тыныштықта өткізуді шешкен. Актриса қуанышты күндер қарсаңында достарымен моншаға түсіп, ойын-сауыққа арналған алаңда көңіл көтеріп, үстел басында жайлы отырыс ұйымдастырды. Кеш Хэллоуин стилінде өтті.
Айжұлдызға достары «Мұзтас» сыйға тартты. Бұл тас, оның айтуынша, адамның мықты болуы ішкі дүниесінен басталатынын білдіреді.