Айқын Төлепберген мен Жұлдыздың Париждегі фотосы қызу талқыға түсті

Фото: instagram.com/aikyn
Қазақстандық жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің Instagram-дағы жаңа фотосы желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
Айқын жұбайымен Берлин қабырғасындағы атышулы «Fraternal Kiss» муралы алдында романтикалық суретке түсіп, оны Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.
«Бұл Брежнев (КСРО) мен Хоннекердің (ГДР) сүйіскен сәті. Тарихи сәт. Берлин қабырғасына салынған тарихи сурет. Тарихты білмейтіндер, сіздерге ұят!», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары аталмыш фотоны қызу талқылап, әншілерді сынап тастады.
«Тірі масқара болыпты ғой», «Ораза ұялмайсыңдар ма?», «Қуып кеткен сияқты ма?», «Қазақ мұндайларды тексіз дейді», «Өте ерсі екен», – деп жазды желі қолданушылары.
Пост из социальной сети