«Арманым орындалған жанмын»: аяғы ауыр Ерке Есмахан жүрекжарды жазба жүктеді

Танымал әнші Ерке Есмахан жүрекжарды жазба қалдырып, қазіргі өмірі туралы айтты. Бұл туралы Taspanews.kz Ерке Есмаханның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі өнерден жолым болып, бағым ашылды дейді.
«Пейіліңе қарай пейішің! Мен өзімді осы жасымда дәл осындай статуста боламын деп мақсат еттім. Міне, Аллаға шүкір, арманым орындалған жанмын. Өнерде жолым болып, еліме еркелеп жүрген әншімін. Сүйіктімнің сүйіктісі, шаңырағымыз сәбилердің күлкісіне толған ата-ана, жанұямыз. Аллаға сансыз шүкір айтамын! Жүрек тыныштығын, жан мен тән үйлесімділігін тапқаным ол менің ақ ниетіммен, көп нәрсеге сабырлықпен қарап, тоқтаусыз еңбегімнің жемісі деп білемін. Менің өмірімдегі барлық ғажайыптар сіздерге де жұғысты болсын. Осындай жүрекжарды пост жазғым келді. Соған қарағанда іңгәләп бөпетайымыздың өмірге келуіне санаулы күндер қалды-ау», – деп жазды әнші.