Әнші Жігер Ауыпбаевтың үйленгені пранк болып шықты

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев өнердегі достары мен жақындарын шақырып, пранк жасады. Беташар тойға келген қонақтар бейнебаянның тұсаукесеріне жиналғандарын білген. Бұл туралы Taspanews.kz Нұрлан Еспановтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бет ашуға келген Нұрлан Еспанов таңғалысын жасыра алмады.
«Жігертай, мұның қалай болды?! Ұсталмай жүр едім, ақыры ұсталдым ғой. Бақытты бол енді. Бет ашамын деп ойламадым. Залға сәл кешігіп келдім. Той өлеңсіз болмайды. 1-2 әнімді дайындап отырғанмын. Су ішіп тұрғанда менің атымды айтып жатыр екен. Беташарға 22 мың теңгемді салдым. Қалғанын той шашуға берермін деп ойладым. Бір кезде маған бет ашқызды. Ашып қалғанда өзім де шошып кеттім. Ақ адам табылмады дедім. Өзім де ештеңені ұқпай тұрдым», – деді Нұрлан Еспанов.