Әнші Қазыбек Құрайыш қуанышты жаңалығын бөлісті

Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші, хитмен Қазбек Құрайыш оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Taspanews.kz Қазыбек Құрайыштың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі Альбина есімді арудың некені тіркеуге жіберген өтінішін көрсетті.
«-1 бойдақ», – деп жазды әнші.
Одан бөлек Қазыбек «Той қашан?» деген оқырман сұрағына «Оны Альбинам шешеді» деп жауап берді.