Жаңа Салық кодексін енгізу бюджетке 3,5 трлн теңге түсіреді

Pexels фото на taspanews.kz от 27 июня 2025 15:11
Фото: Pexels

2025 жылы 27 маусым күні ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин жаңа Салық кодексінен бюджетке қанша түсім түсетіні жайлы болжамды мәлімдеді, - деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Экономика министрлігіне сілтеме жасап.


Ол ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға арттыру, банктер үшін корпоративтік табыс салығын 25%-ға  ұлғайту, алкоголь, темекі мен бензинге акциздердің өсуі мен салық жеңілдіктерінің қысқаруы қосымша түсімдердің негізгі көздері болатынын айтты.


«Алдын ала есептеулер бойынша жаңа Салық кодексін енгізуден қосымша 3-3,5 трлн теңге күтеміз. Сонымен қатар жалпы экономикалық өсімнен түсетін түсімдер ескеріледі», – деді Азамат Әмрин.

Ол жалпы экономиканың өсуіне байланысты түсімдер де ескерілетінін айтты.


Следите за новостями Taspanews