Сыртқы сауда алаңдарынан алынатын тауарлар декларациялаудан өтеді

Фото: Pexels
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамада кедендік декларацияның жаңа түрі енгізілді. Жаңа ұғым – электронды сауда декларациясы аясында жеке тұлғалардың сыртқы сауда алаңдарынан сатып алатын барлық тауарына декларация жүргізіледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу нормалары 200 еуродан немесе 31 келіден асқан кезде ғана декларацияланады.
Бұл санаттарға салық басқаша салынатын болады. Сату көлемі үшін сатушыдан сатып алушы тұратын елдің ұлттық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығы алынады.
«Егер бажсыз шек (200 еуро) асып кетсе, кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (сатып алушы төлейді) 5 пайыз деп белгіленеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, нормадан асқан жағдайда (200 еуро немесе 31 келі) сатып алушы тауар құнының 15 пайызын құрайтын жалпы кедендік баж салығын төлеуге міндетті»,