Қытайға бағытталған темір жолдың өткізу қабілеті артады

ҚТЖ фото на taspanews.kz от 26 мая 2025 15:16
Фото: ҚТЖ

Қазақстанда Достық – Мойынты теміржол учаскесіндегі екінші жолдар пайдалануға беріледі, –деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚТЖ сілтеме жасап.


Ұзындығы 836 шақырым болатын Достық – Мойынты теміржол учаскесіндегі жолды жаңғырту жүк тасымалын ұлғайту мен сапаны арттыру мақсатында жүзеге асуда. Ендігі кезекте учаскенің өткізу қабілеті 5 есеге артып, тәулігіне 12-ден 60 жұп пойызға дейін артады. Екінші жолдар бойынша қозғалыс құрылыстың нормативтік мерзімнен екі жыл бұрын – маусым айында іске қосылады.


«Құрылыс кезінде мамандар қиын рельефке байланысты бірқатар қиындықтарды еңсерді. Екінші жолды салу үшін кейбір учаскелерде тау жыныстарын қопсыту үшін бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді. Ауқымды құрылыс бірегей тәжірибе жинақтаған, техникалық қуаттылықты күшейткен, мамандардың біліктілігін арттырған, өндіріс көлемін ұлғайтқан отандық кәсіпорындардың дамуына қосымша серпін берді. Қазақстандық зауыттардан 100 мың тоннадан астам рельс және 1,5 миллионға жуық темірбетон шпал сатып алынды. Құрылыстағы қазақстандық қамту үлесі 85% құрады», – Делінген ресми хабарламада.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылдан басталған. Өткізу қабілетін арттыру үшін 8,2 млн текше метр топырақ толтырылды. 800 шақырымнан астам теміржол төсемі төселіп, 92 көпір салынды. Энергия мен байланыс желілері жаңғыртылды. Пойыздар қозғалысын басқарудың отандық жүйесі енгізілді.


Следите за новостями Taspanews