ҚХР мен Қазақстан арасындағы темір жол тасымалы 14,2 млн тоннаны құрады

Фото: Pexels
Екі ел арасындағы тасымал 2025 жылдың 5 айында 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ҚТЖ сілтеме жасап.
Қазақстаннан Қытайға экспорт 12%-ға артып, 9 млн тоннаны құрады.
Алтынкөл станциясы арқылы 6,5 млн тонна, Достық станциясы арқылы 7,7 млн тонна тасымалданды.