Қазақстаннан 7 млн тонна астық экспортталды

Pexels фото на taspanews.kz от 16 апреля 2025 11:43
Фото: Pexels

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ дерегіне сай, Қазақстаннан 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 2025 жылдың 13 сәуіріне дейін 7 млн тонна астық экспортталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35,2% артты. 


Қазақстандық егін өнімдерін импорттауда бірінші орында – Орта Азия елдері. Мәселен, Өзбекстанға астық жеткізу көлемі 2 млн тоннадан 2,6 млн тоннаға дейін өсіп, 23,5%-ға артты. Тәжікстанға экспорт 33,7%-ға дейін көбейді – 681 мың тоннадан 1 027 мың тоннаға дейін жетті. Ауғанстанға жеткізу 198 мың тоннадан 267 мың тоннаға дейін, Қырғызстанға жеткізу көлемі 83 мың тоннадан 165 мың тоннаға дейін артты.


Иран мен Әзірбайжанға эскпортталған астық та едәуір жоғары көрсеткішке ие. Иранға эскпорт 54 мың тоннадан 825 мың тоннаға дейін артты. Әзірбайжанға бұрынырақ 5 мың тонна жіберілген болса, қазіргі таңда 497 мың тонна астық жөнелтілді.


Следите за новостями Taspanews