Қазақстандағы орналастыру орындары 61 млрд теңгеге қызмет көрсетті

Фото: Pexels

2025 жылдың 1-тоқсанында Қазақстандағы орналастыру орындары 61 млрд теңге табыс тапты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.


Атап айтқанда демалыс базалары, қонақ үйлер, хостелдер мен өзге де орналастыру орындары 61 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға көп.


Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді. Мұнда 21,6 млрд теңгеге қызмет көрсетілген.


«Астанада – 13,7 млрд теңге Ақмола облысы — 5,7 млрд теңге Алматы облысы — 2,4 млрд теңге Шымкент қаласы — 2,3 млрд теңге Маңғыстау облысында — 2,3 млрд теңгеге қызмет көрсетілді», – делінген ресми хабарламада.